"ҚЫЗ БОЛАШАҒЫ -ЕЛ БОЛАШАҒЫ " тақырыбында онкүндік » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
государственное учреждение
"Школа-гимназия №47 им. Тажибаева"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(72) 21-43-65
Бухгалтерия
+7(72) 21-43-65
Версия для
слабовидящих
» » "ҚЫЗ БОЛАШАҒЫ -ЕЛ БОЛАШАҒЫ " тақырыбында онкүндік
14
октябрь
2019

"ҚЫЗ БОЛАШАҒЫ -ЕЛ БОЛАШАҒЫ " тақырыбында онкүндік

"Қыз тəрбиелей отырып -ұлтты тəрбиелейміз" деген қанатты сөздің өзі қыз бала тəрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. "Қызым үйде, қылығы түзде "дейді бұрыңғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса "Қызды қырық үйден тиюмен "шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі -өнеге көрсету қажет. "Қазақ халқының əдет -ғұрып, салт -дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана ,ақ босағаның ауры, шаңырақтың құт-берекесі, екенін ұғындырып қыздарды əдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке баулап, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тəрбиелеу мектептен бастау алатыны белгілі.
Шымкент қаласына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп -гимназия əкімшілігі Шымкент қаласы білім басқармасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі 10-06-03/7365/2 арнайы хатының негізінде Халықаралық қыздар күніне орай 4-14 қазан аралығында "ҚЫЗ БОЛАШАҒЫ -ЕЛ БОЛАШАҒЫ " тақырыбында онкүндік ұйымдастырылып өткізілді. Республикалық онкүндіктің аясында жоғары сынып оқушылары -қыздарға "Қазақтың қызы -ұлттың Анасы " тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мектепішілік іс - шараға 1) Шымкент қаласы 13 емхананың гинеколог- дәрігер Мұратова Мария Сапарбаевна;
2) Шымкент қаласы СӨС қалыптастыру орталығының дәрігері Тажекова Күлəнда Азатқызы ;
3) Облыстық тері -венерологиялық диспансерінің дерматолог -дәрігері Уразбаева Забира Мархабатовна;
4) Шымкент қаласы 13 емхананың психологы Бекмұратова Құралай Уласбековна жəне мектепішілік ата -аналар кеңесінің мүшелері, "Алтын алқа ","Күміс алқа "ардагер -аналар қатысты.
Гинеколог -дәрігер Мұратова Мария Сапарбаевна "Ерте жүктілік жəне оның зардаптары "тақырыбында баяндама жасады:
10а сынып оқушысы Қосаева Нұрай "Қазақтың қызы -нәзіктік пен сұлулықтың белгісі ";
10ə сынып оқушысы Əділбек Айдана -"Қазіргі заманның қазақ қыздарының жат қылықтары ";
10 б сынып оқушысы Азимхвнова Айгерім -"Ерте жүктілік жəне оның зардаптары ";
10в сынып оқушысы Баймырзаева Əйгерім -"Тастанды балалар " тақырыбында баяндама жасады, дайындаған слайд пен бейнероликтерді ұсынды. Іс - шараның соңында қыздар пікір алмасып келген қонақтарға сұрақтарын қойды.

[video=|https://www.facebook.com/100024696002814/videos/543317539834775/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив