07
октябрь
2019
Технология пән бірлестігінде өткізілген онкүндік
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның технология пән бірлестігінде өткізілген онкүндік қорытындысы шығарылды.
Онкүндік өтілу барысында еңбек және өнер технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту мақсатында мұғалімдер жаңа инновациялық технология әдіс - тәсілдерін қолданды. Әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдерімен көрсету, әмбебап және арнайы білімдері мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өндеу дағдыларын, домшаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарына дағдыланған оқушы қолынан шыққан бұйымдарды көрермендерге ұсынды.
Визуалды өнер бағыты арқылы оқып-үйренгендерін паш еткен білім алушының бейнелеу өнеріндегі көркем тәсілдермен жасалған туындылары көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстарында шебер қолдармен жасалған бұйымдары ұсынылды.Ұлттық ою-өрнек нақыштары көрменің сәні мен әрін барынша айшықтап , барша көрерменді баурап алғаны көңіл қуантады. Негізгі тоқыма ,табиғи , жасанды және дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдар көрерменнің көз қуанышына айналды.