16
октябрь
2019
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бейсембаева Акмарал Бакетовна
Бейсембаева Акмарал Бакетовна
Өмірбаян
Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бейсембаева Акмарал Бакетовна алғашқы еңбек жолын 1987-1988 жылдары -Түркістан қаласындағы №1 балабақшасында тәрбиеші, 1988-1990 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы №5 Панфилов атындағы мектепте тәлімгер болып жұмыс атқарды.
1990-1995 жылдары аралығында Қызылорда қаласында орналасқан Қорқыт-ата атындағы педагогикалық институтының филология факультетінің орыс тілі мен әдебиет мамандығы бойынша оқып қызыл дипломмен бітірген.
1995 жылы -1997 жылдары аралығында Қызылорда қаласында орналасқан №187 мектепте орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.
1998 жылы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияға орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып қабылданды.
1998 жылдан бастап 21 жыл мектепте осы лауазымдық міндетті атқарып келеді. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізіліп жатқан байқаулар, конкурстар , фестиваль, форумдар, жарыстар мен дебат ойындарға қатысып арнайы мақтау қағаздары , диплом мен алғыс хаттарға қол жеткізуде.
Ақмарал Бакетовна Республикалық тест орталығының , ОҚО білім басқармасының, Шымкент қаласы білім басқармасының , қала әкімінің, кәсіподақ ұйымының арнайы мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарының иесі.
2019 жылы Тәуелсіз мемлекетіміздің білім саласында ұзақ жылдар бойы жемісті сапалы еңбек етіп жас ұрпақтың жан-жақты тәрбиесі мен біліміне үлкен үлес қосқаны үшін "Ұлағатты ұстаз" арнайы төсбелгімен Шымкент қаласы білім кәсіподақ " қоғамдық бірлестігі марапаттады.