"Алтын киімді адам-археологиялық олжасы" тақырыбында 5 а сыныбымен ашық сабақ » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алтын киімді адам-археологиялық олжасы" тақырыбында 5 а сыныбымен ашық сабақ
14
декабрь
2019

"Алтын киімді адам-археологиялық олжасы" тақырыбында 5 а сыныбымен ашық сабақ

Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның қоғамдық пәндер кафедрасының "Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры" атты онкүндігі барысында тарих пәнінің мұғалімі Махмутова Балжан Минасифқызы Қазақстанның азаттық символына айналған "Алтын киімді адам-археологиялық олжасы" тақырыбында 5 а сыныбымен ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді сипаттай отырып, материалдық, рухани мәдениеттің көрсеткіші өнер туындыларымен, сақтардың мәдени-экономикалық даму дәрежесінің белгісі ретінде таныстыру. Оқушыларға "Алтын киімді адам" Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба және де еліміздің басты символы екенін насихаттау.Сабақтың барысында оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, "Есік қорғанын қазу және зерттеу жұмыстары " туралы кесте толтырды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қазақстандық ғалымдардың жаңалықтарын білді. Сонымен қатар топтық тапсырмалар: картамен жұмыс, зерттеу жүргізу, дәлелдер іздеу, рөлдік ойын, "Археологтан сұхбат ал " әдісі, "Жәдігерлер сөйлейді" әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, "Қазақстан. Кеше. Бүгін. Болашақта" деп сабақты қорытындылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив