14
декабрь
2019
"Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру" тақырыбында 9 б сыныбымен ашық сабақ
Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 28 жылдық аясында Шымкент қаласы Т.Тəжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда "Тəуелсіздік-мəңгілік елдің тұғыры" атты қоғамдық пəндер кафедрасының онкүндігін қорытындылау барысында тарих пəні мұғалімі Бердешова Рахия Нұртайқызы "Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру" тақырыбында 9 б сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының кезеңдері, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастырудың зардаптарына талдау жасап,оқушыларға сол кезеңдегі қазақ халқының басына төнген ауыр қасіреттен шығудың жолын іздеген қазақ зиялыларының істерін үлгі ете отырып патриоттық,ұлтжандылық тəрбие беру. Мұғалім сабақты Елбасының "Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жүгіртуіміз керек " деген түйінді сөздерінен бастады. Сонымен қатар сабақ барысында пайдаланған "Математикалық ойын", "Сөз сырына үңілсек", "Ащы шындық", "Мен білген тың мəлімет" деген əдіс тəсілдер, көрсетілген бейнероликтер, деректі материалдар оқушылардың қызығушылығын арттырды.