19
сентябрь
2021
*ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ.*
*ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ.*
*КИБЕРБУЛЛИНГ ЗАРДАПТАРЫ*
Қазақстанда балаларға зорлық-зомбылық көрсету өршіп тұр.Соңғы жылдары сандық технологиялардың дамуы себепті балаларға қатысты зорлық түрлеріне *кибербуллинг* немесе онлайн қорлау қосылған. Соның кесірінен жасөспірімдер ғаламтордағы белгісіз топтардың құрбанына айналып, тіпті араларында өз-өзіне қол жұмсайтындары да бар.
Осыған орай мамандар балаларды кибершабуылдан қорғаудың қазақстандық бағдарламасын әзірлеп, бекітуді көздеп отыр.
Шымкент қаласы Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия əкімшілігі 10 қыркүйек -10 қазан аралығында *"Қылмыссыз жарқын болашақ"* айлықтың аясында
"Қауіпсіз Интернет. Кибербуллинг зардаптары" тақырыбында тəрбие сағаттарды ұйымдастырды. Сынып сағаттар коучинг форматында өткізілді. Сыныптағы оқушылар 5 топқа бөлініп төменгі тақырыптар бойынша презентация жасады.
*1 топ* "Қауіпсіз Интернет "
*2 топ* *"Кибербуллинг-қазіргі қоғамдағы қауіпті құбылыс. Кибербуллинг деген сөзге түсінік беру. Кибербуллингтің себептері. "
*3 топ*-
"Кибербуллингтің" алдын алу"*
*4 топ*- "Кибербуллингтен қалай қорғанамыз?"
*5 топ*- "Тыйым салынған сайттар туралы"
Сынып сағаттарының соңында "Кибербуллинг" туралы бейнематериал тамашалады.
*# Шымкент тəрбие_*
*# Кибербуллинг_*[media=]