11
октябрь
2021
*ҚЫЗ ТƏРБИЕСІ-ҰЛТ ТƏРБИЕСІ*
Қыз тәрбиелей отырып -ұлтты тәрбиелейміз"деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді."Қызым үйде, қылығы түзде"дейді бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса"Қызды қырық үйден тиюмен" шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі-өнеге көрсету қажет."Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып қыздарды әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, ұқылыптыққа, тазалыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулап, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мектептен бастау алатыны белгілі.
Шымкент қаласы Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия əкімшілігі "Қылмыссыз жарқын болашақ" айлықтың жəне 11 қазан-Халықаралық қыздар күніне орай "Қыз тəрбиесі-Ұлт тəрбиесі" тақырыбында апталық ұйымдастырды.
Апталықтың аясында жоғары сынып қыздарға гинеколог-дəрігерлермен кездесу жəне 8-9-10-11 сыныптарда осы тақырыпта коучинг ұйымдастырылды.
Коучинг барысында төменгі тақырыптар қамтылды:
*1 топ*- "Қыз тəрбиесі-ұлт тəрбиесі"," Қазақтың қызы-нəзіктік пен сұлулықтың белгісі"
*2 топ*- "Қызды қырық үйден тию"
*3 топ*-"Қазіргі заманның қазақ қыздарынның жат қылықтары"( мектепте, көшеде əдеп ережесін сақтамауы, зиянды заттарға əуестенуі, т.б)
*4 топ*-Ерте жүктілік жəне оның зардаптары" ( репродуктивтік денсаулық жəне жыныстық гигиена)
*5 топ*-"Тастанды балалар"
Аталған іс-шараға төменгі қонақтар шақыртылды:
1) Ата-аналар комитет төрайымы;
2) Комитет орынбасары;
3) Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері
*# Қыз тəрбиесі -ұлт тəрбиесі*#
*# Қылмыссыз жарқын болашақ#*[media=]