05
февраль
2020
Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі «Абай мен Пушкин екі шамшырақ-Жердің екі жарқын данышпаны»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда 25.01-05.02.2020ж аралығында Абайдың 175 жылдығы мен А.С.Пушкиннің 221 жылдығына арналған орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі өтті. Онкүндіктің тақырыбы: «Абай мен Пушкин, екі шамшырақ, Жердің екі жарқын данышпаны»
Онкүндіктің аясында ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізіліп, Абай мен Пушкин шығармаларына арналған эссе байқауы өткізілді.
Әр сабақ жағымды көңіл-күй туғызумен басталып, зейінді шоғырландыру жұмыстары таңдалып жүргізілді. «Ассоциативті бұта», «Телеграмма», «Тақырыпты болжау», «Иә-жоқ» сияқты әртүрлі әдістер мен стратегиялар қолданылды.Сабақта мәтінмен жұмыс жасалып, постерлерді құру және оларды қорғау бойынша топтық жұмыстар жасалды. Берілген критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау және өзін-өзі бағалау ұйымдастырылды, сабақ соңында білім алушылардан тиімді кері байланыс жасалды. Онкүндіктің соңғы күнінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Пушкин мен Абай - екі жүректің үндестігі» және «Пушкин мен Абай - әдебиеттің екі інжу-маржаны» атты сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді, онда Абай мен Пушкиннің өлеңдері оқылды, олардың өмірлері туралы айтылып шығармашылық әндері шырқалды. Онкүндіктің қорытындысы бойынша оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.