" ЕҢ ҮЗДІК РЕПОРТАЖ"* *БАЙҚАУЫ » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " ЕҢ ҮЗДІК РЕПОРТАЖ"* *БАЙҚАУЫ
11
ноябрь
2021

" ЕҢ ҮЗДІК РЕПОРТАЖ"* *БАЙҚАУЫ

*РЕСПУБЛИКАЛЫҚ " ЕҢ ҮЗДІК РЕПОРТАЖ"* *БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУДАМЫЗ*
     Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің "Республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  
ҚР-сы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мектеп Парламенті мүшелерінің арасында "Ең үздік репортаж" республикалық байқау өтізілуде.
      *Байқауының басты  мақсаты*: білім беру ұйымдарының қызметінде өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттыру, дарынды жастарды қолдау.
*Байқауының міндеттері:*
1) Қоғамдағы оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының оң имиджін қалыптастыру;
2) Білім алушылардың көшбасшылық тəжірибені меңгеруге, əлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдастырылған қызметке тарту;
3) Мектеп Парламентінің қызметін насихаттау;
4) Оқушылардың өзін-өзі басқару белсенділерінің табысты жұмыс тəжірибесін тарату;
5) Педагогтер мен білім алушыларды білім беру ұйымының алуан түрлі қызметіне қосу арқылы  мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту үшін жағдайлар жасау.
    Атаулы байқауға мектебіміздің  
" Парламент " мүшелері белсенділік танытып креативті көзқараспен бейнеролик шығарды. Ережеге сəйкес 5-минуттік роликтің ішінде  "Мектеп Парламентінің" 8 фракцияның жұмысын қамтуға тырысты. 
       Оқушыларымызға сəттілік тілей отырып, алдағы уақытта оқушылардан тың идеялар, креативті замануи бастамаларды күтеміз.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив