*КӨШБАСШЫЛЫҚ жəне КӨШБАСШЫ"* » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» *КӨШБАСШЫЛЫҚ жəне КӨШБАСШЫ"*
30
октябрь
2021

*КӨШБАСШЫЛЫҚ жəне КӨШБАСШЫ"*

Əрекет етсең-əдетке айналады.
Əдет қылсан-мінез қалыптасады.
Мінезді болсаң-тағдырың оң болады.
      Шымкент қаласы Төлеген Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда 20 қазан күні өзін-өзі басқару ұйымы "Мектеп Парламентінің" мүшелеріне, жоғары сынып оқушыларына арналған "Көшбасшылық. Көшбасшы деген кім?" тақырыбында  тренинг ұйымдастырылып  өткізілді.  Тренингті  Болат Өтемұратов Қорының "Jas Leader Akademiiasy" жобасы аясында жазғы демалыс кезінде курстан дайындықтан өткен тарих пәнінің мұғалімі Құдиярова Айман Турмаханбетқызы жəне мектеп директорының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бейсенбаева Акмарал Бекетовна өткізді.  Оқушылар қызықты интерактивті форматта презентация өткізуді, топта жұмыс істеуді және уақытты жоспарлауды үйренді және осы тренингте төменгі мәселелер қарастырды:
1. "Көшбасшылық" дегеніміз -         
2." Көшбасшы деген кім?"        
3. "Көшбасшының қасиеттері"  
4."Құндылықтар " сен ұшін не біліреді?   
5. "Командада жұмыс істей білу-бұл көшбасшының маңызды дағдысы"
          "Jas Leader Akademiiasy " бағдарламасы мектепте оқып білу үшін алғаш рет қазақ тіліне аударылған уақытпен тексерілген әдістемелерді қамтиды. Факультативтер мектеп бағдарламасына уақытылы және қажетті қосымша ретінде енгізілді. Білім беру жүйесінің міндеті – ертең өз аймағының және жалпы елдің дамуын алдын ала анықтайтын ынталы, белсенді және білімді жастарды дайындау. Оқыту сапасын арттыру, мектептерді жаңарту бойынша  жұмыс жасауға және балалардың көшбасшылық дағдыларын нығайту үшін Болат Өтемұратов Қорының демеушілігімен  іске асырып жатқан "Jas Leader Akademiiasy " бағдарламасы және  ынтымақтастықта жұмыс жасау өте қажет және маңызды.
[media=]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив