23
October
2021
*СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕГІ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ*
[media=]
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылMay отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
"Nur Otan" партиясы "Бірлік" филиалы мен "ДАМУ" Қазақстан Ассоциясы ЗТБ арасында "Сыбайлас жемқорлықпен құрес , оған мүлдем төзбеушілік қағидаттарын түсіндіру жұмыстары" бойынша бекітілген жоспарға сəйкес 22 қазан күні *"Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жастардың рөлі"* тақырыбында Республика көлемінде онлайн-дəріс өткізді. Аталған іс-шараға Municipal public білім басқармасына қарасты Т Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның жоғары сынып оқушылары қатысты.
Өткізілген іс-шараның мақсаты:
- Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру;
Дəріс барысында Астана "Жастар театрының " директоры, "Құрмет" орденінің иегері, актер, əнші Жұматаев Ернар Құрбанбекұлына сөз берілді. Өз сөзінде жас директор төменгі сөздерге түсінік берді:
" Парасаттылық"
"Адалдық",'Жемқорлық", " Сыбайлас жемқорлықпен күресу"
Дəрістің соңында жастарды "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыруға " түсініктеме берді.
• Бұл адамның саналы және адамгершілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті
• Тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті
• Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы
• Ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция.
*#Онлайн-дəріс#*