"АДАЛДЫҚТЫ МҰРА ЕТКЕН ҰЛЫ АБАЙ" атты бейнедəріс » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Municipal public
public institution
"school-gymnasium №47 named after Tazhibaev"
Education Department of Shymkent
Reception room :
+7(72) 21-43-65
bookkeeping:
+7(72) 21-43-65
Version for
visually impaired
» » "АДАЛДЫҚТЫ МҰРА ЕТКЕН ҰЛЫ АБАЙ" атты бейнедəріс
18
May
2020

"АДАЛДЫҚТЫ МҰРА ЕТКЕН ҰЛЫ АБАЙ" атты бейнедəріс

Municipal public білім басқармасына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияда 18 мамыр күні сағат 11:00-де бір мезетте 9-10-11 сыныптарда Республикалық " Адалдық сағаты" аясында онлайн форматта "АДАЛДЫҚТЫ МҰРА ЕТКЕН ҰЛЫ АБАЙ" атты бейнедəріс өтті.
Дəрісті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің "Парасаттылық " департаментінің директорының орынбасары Ғанижан Асанұлы жүргізді.
Сабақтың/ дəрістің басты мақсаты :жақсы біліммен қатар оқушыларға ƏДІЛДІК, ПАРАСАТТЫЛЫҚ жəне СЕНІМ құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру, ұлы Əбу-Нəсір Əл-Фараби бабамыз айтқандай:" Ең бірінші білім емес, тəрбие берілу кажет, себебі тəрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы"
Биылғы оқу жылында бүгінгі өткізілген "Адалдық сағаты" -төртіншісі.
Дəріс барысында төменгі статистикалық мəліметтерге жастардың көңілін аударды.Мысалы, Республика бойынша 3361 мектептерінде "Адал ұрпақ" клубы, университет пен колледждерде "Саналы ұрпақ" жобалық кеңселер, 4220 білім беру ошақтарында "Парасат" мектептер ашылып жүйелі жұмыс атқаруда. Бұл бастамалардың барлығы-еліміздің ертеңгі тірегі -жастардың бойында адалдық пен əділдік, адамгершілік жəне отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға қарастырылған.
Ұлтымыздың ұлы перзенті, дана, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсанында "Адалдық сағаты " өтіп жатқанын ескертілді.Себебі өз еңбектерінде ,шығармаларында елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын тілеулес болғанын, адал еңбекті, жалпы адалдық қасиеттерін дəріптегенін байқаймыз. Өз еңбектері арқылы "адалдықты" мұра еткен ұлы Абайға бүгінгі сабақ/ дəріс арналды.
Дəріс барысында Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың , мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жəне Government services істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың Ұлы Абайдың еңбектері , шығармалары қазақ халқына мұра болып қалғандығы жəне маңыздылығы туралы айтылған сөздерді мысал етіп келтірді.
Дəріс барысында лектор ағарушының адалдық, қанағат, ұят, имандылық қасиеттерін бойына сіңірген жандарды құрметтеген, ал жалқау жəне пайда күнімшілдікке салынған адамдарға жерене қарағандығын ескертіп жастарды Ұлы Абайдын төменгі шығармаларға көңілдерін аударды:
-" Сегіз аяқ"
-" Ғылым таппай мақтанба"өлеңдері
- 29 қара сөзі;
-37 қара сөзі;
"Ғылым таппай мақтанба"атты өлеңінде "бес нəрсеге асық бол" деп,талапты, еңбекті, терең ойды, қанағат пен рақымды асыл істер қатарына жатқызып,сонымен қатар "бес нəрседен қашық бол" деп, жаман істерге : өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ секілді қасиеттерді жатқызғандығын атап өтті.Жалпы ұлы ақынның əдеби мұрасын халық жанында мəңгі сақтап қалу-бізге берген ең үлкен аманатының бірі деп дəріс берген лектор жастарды адал еңбекке, өз армандарына адал болуға, тек қана өз біліміне сену қажеттілігі , алдағы уақытта емтихандарда біреулерден көшірмей өз біліміне сеніп жауап беру, күнделікті өмірде үйде болсын, оқуда болсын адал жəне əділ болуға шақырды. Тек қана адал еңбек алға жетелейді деп дəрісті аяқтады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив