02
December
2022
ӘЛ ФАРАБИ ҚАЗЫНАСЫ-ӨРКЕНИЕТ МҰРАСЫ
ӘЛ ФАРАБИ ҚАЗЫНАСЫ-ӨРКЕНИЕТ МҰРАСЫ
Municipal public Білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназиясында тарих-география онкүндігінің аясында бүгін қаламыздағы Әл Фараби атындағы ғылыми- көпшілік кітапханасымен бірігіп «Әл Фараби қазынасы-өркениет мұрасы» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми еңбектері, мұрасы туралы түсінік беру.Сонымен қатар ғалымның мол мұрасын, азаматтық болымысын насихаттап , рухани кемелденуіне жол ашу- баршамыздың ортақ парызымыз екендігін насихаттау. Ұлы ойшылдың «Білімді болу деген сөздің мағынасы- белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», «Ғылымды үйренем деген адамның ақыл ойы айқын, ерік жігері, тілек мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт» деген ұлы насихаттарын оқисың, көңілге тоқисың.Кеш барысында кітапхананың қызметкері , жас ақын Жақып Пазыл мектеп әкімшілігі, ұстаздарға және білімді оқушыларға арналған арнаудан бастады. Қазыл Санат тарихи-танымдық кешті жүргізіп, Әл-Фараби рөлін сомдаған Ешімов Тұсынбаймен сұхбаттасып, сұрақ-жауап алды. Кештің барысында білім алушыларға викториналық сұрақтар беріліп, жауап берген оқушыларға Фараби бабамыздың сыйлықтары табыс етілді. Оқушылар кешке белсене қатысты. Кітапхана қызметкерлері бәрімізге тамаша көңіл-кhouseсыйлады. Сонымен қатар оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, жас оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Бұндай біліми, мәдени байланыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.