ОТБАСЫ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Municipal public
public institution
"school-gymnasium №47 named after Tazhibaev"
Education Department of Shymkent
Reception room :
+7(72) 21-43-65
bookkeeping:
+7(72) 21-43-65
Version for
visually impaired
» » ОТБАСЫ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
13
May
2022

ОТБАСЫ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

ОТБАСЫ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
     Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
     Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. 
      Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. 
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
     Municipal public Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия әкімшілігі 15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай және "Үштік Одақ" жобаны іске асыру мақсатында  "Отбасы-мақтанышым",
"Отбасы-бақыт мекенім" тақырыбында мектепішілік челлендж ұйымдастырды.
[video=]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив