22
April
2022
"Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу"тақырыбында онкүндік өткізді
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп – гимназияның " Көркем еңбек" пән бірлестігінің 11.04.22 – 21.04.22 ж. аралығындағы "Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу"тақырыбында онкүндік өткізді. Мақсаты: Заманауи және қазақтың ұлттық мәдениөнері, қолөнер туындыларындағы шығармашылық шешімдерге пікір беру және орындаған жұмыстарының сапасы мен қасиеттерін сын тұрғысынан ойлауға бейімдеу,ғылыми тілді оқытуды пән мазмұнымен қатар назарда ұстау. Онкүндіктің жоспары жасалынып, сабақ кестесі бекітілді. Жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар кесте бойынша өткізілді. Бірлестіктің барлық мұғалімдері онкүндікке белсенді қатысып, ашық сабақтарын жоғары деңгейде өткізді. Атап айтар болсақ 6 "Д" сыныбында Ташкенбаева Роза "Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы" , 8 "Ә" сыныбында Дүйсенбаев Ертай " Электрқұрылғылар мен техникаларды таңдау және бағалау " тақырыбында өтті. 7 "Ж" сыныбында Исаева Айнұр " Әлем халықтарының тағамдары.Тәжірибелік жұмыс (суши,пицца,көже)" , 6 "Е" Жанбатырова Дана " Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін – өзі дұрыс ұстау ережелері " тақырыбындағы ашық сабақтар өткізді. Сабақтарда «Ой қозғау», «Миға шабуыл» «Топтық жұмыс» өз деңгейінде жүргізді. Деңгейлік тапсырмалар беріліп, талдау жасалынды. Сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығы жоғары болды. Сабақтар методикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған. Онкүндіктің соңында сыныптан тыс іс-шара бойынша ұлттық нақышта жасалған қол өнер бұйымдарынан көрме жұмыстары қойылып, «Шебер қолдар» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.Шеберлік сағатына келген ұстаздар мен оқушылар қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап үйренді. Жалпы онкүндікте жоспарланған іс-шараларға мұғалімдер жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде өткізді.