*ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА 35 ЖЫЛ* » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Municipal public
public institution
"school-gymnasium №47 named after Tazhibaev"
Education Department of Shymkent
Reception room :
+7(72) 21-43-65
bookkeeping:
+7(72) 21-43-65
Version for
visually impaired
» » *ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА 35 ЖЫЛ*
16
December
2021

*ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА 35 ЖЫЛ*

*ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА 35 ЖЫЛ*
*Желтоқсаншы Гүлжарқын Қадырқұлқызы* 
      1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды қаһарлы империядан сескендірмеген күш те  Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан  көтеріліс болды. 
Желтоқсан оқиғасының шығу себебін еске түсіре кетсек.  1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тілінің, мәдениетінің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді  айтып қалуға тырысты.
Бірақ, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруі қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем, нашақор» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы милиция қызметкерлеріне көмекке: Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябиден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталMay адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салды. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар болатын.
        Сол жастардың қатарында біздің  Т.Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның биология пəнінің мұғалімі Төртбаева Кульжарқын Қадырқұлқызы да болған. Сол жылдары Гүлжарқын апай Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының "жаратылыстану" факультетінің биология-география мамандығы бойынша 5 курс студенті еді. Гүлжарқын апайдың айтуынша осы оқиға кезінде біздің көптеген ержүрек те батыл ұл-қыздарымыз өз өмірлерін қиды. Табандылық көрсеткен қазақ жастарының есімі ел есінде мəңгі сақталу қажет.      
     Гүлжарқын Қадырқұлқызы " патриоттық қозғалыс "Желтоқсан ақиқаты" Республикалық қоғамдық бірлестігінің арнайы медалімен жəне Алғыс хатпен марапатталды.
     Желтоқсан көтерілісі дегенде есте болатын бір нәрсе – әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған КСРО-ның ыдырауына тарихи тұрғыдан негізгі рөл атқарғандығы. Яғни Желтоқсан көтерілісі – Кеңес  Одағы деп аталатын алып империяның ыдырауын жеделдеткен тарихи көтеріліс.
      Биылғы, үстіміздегі 2021 жылдың 17 желтоқсанында «Желтоқсан» көтерілісіне 35 жыл, Тәуелсіз Қазақстан Республикасына 30 жыл толғалы отыр. Осы айтулы датаны  Республикалық үлкен деңгейде атап өтіп, желтоқсан қаһармандарын тағы да ұлықтасақ  нұр үстіне нұр болар еді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив