20
октябрь
2022
Химия биология пәні бойынша онкүндік жарияланды.
Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияда жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің химия биология пәні бойынша онкүндік жарияланды. Осы онкүндік барысында биология пәнінің мұғалімімі К.Туртбаева 17.10. күні 10б сыныбында «Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері» тақырыбында, 18.10. күні химия пәні мұғалімі Қожамуратова Дилфуза 10 б сыныбында «Химияның негізгі стихометриялық заңдары» тақырыбында ашық сабақтарын өтті.
Сабақ барысында Туртбаева Кулжарқын «Бірге ойлаймыз», «Суреттер сөйлейді», «Кім жылдам», «Пирамида» сынды әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушыларға барлық тірі ағзалардың жасушалардан тұратынын және олардың құрылымдарының ерекшеліктеріне тоқталды. Оқушылардың даму деңгейлеріне байланысты жеке, жұптық, топтық тапсырмалар беру арқылы белсенділігі мен қызығушылығын арттырды.
Химия пәні бойынша Қожамуратова Дилфуза өзінің сабағында «Зипгрейд» әдісімен топтық тест тапсырмаларын жасатты және зипгрейд қосымшасы арқылы лезде тексеріп топтарды өзара жарыстырды. Сонымен қатар «Тарсия», «Домино» секілді әдіс-тәсілдермен сабақты қызықты өткізді.