22
апрель
2022
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Шымкент Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназия әкімшілігі "Әділдік жолы" Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының басшысы А.Ө.Кесебаевамен кездесу ұйымдастырды.
Мектепішілік іс-шараға мектеп-гимназияның педагог қызметкерлері және мектеп әкімшілігі қатысты.
А.Ө.Кесебаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп Республикалық қоғамдық Бірлестігінің негізгі міндеттеріне тоқталып кетті: 1) Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру,
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру,
3) Адалдық идеологиясын насихаттау ;
4) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру жолында бірлесе қызмет атқару үшін қоғамдық бірлестік ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өзара ынтымақтастықта қызмет атқару.
Алдағы уақытта филиал басшысы бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
#Шымкент_қаласы
#47_мектеп_гимназия
#Сыбайлас_жемқорлыққа қарсы іс-қимыл