15
февраль
2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы
Шымкент қаласы қалалық білім басқармасына қарасты "Дарын" ғылыми - әдістемелік орталығының басшылығымен өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өз мәресіне жетіп, нәтижесінде мектеп- гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Оралбек Жанель қазақ әдебиеті секциясы бойынша II орынды иеленіп, күмістен медаль тақты. Үш жылғы шығармашылық ізденіс пен тынымсыз еңбектің арқасында үлкен жетістікке қол жеткізіп отыр.
"М. Әуезов әңгімелеріндегі көркемдік таным" тақырыбындағы ғылыми жобасында тақырыпқа бүгінгі тәуелсіз жастар көзқарасы тұрғысынан баға бере білген аталған оқушы М .Әуезов атындағы .Оңтүстік Қазақстан университетінде офлайн режимде санитарлық нормаларды сақтай отырып қорғап, қазақ әдебиеті пәнінен тест тапсырып. республикалық кезеңде онлайн жүйеде жоғары дәрежеде қорғай білді. Мектбіміздің ғана емес, қаламыздың абыройын асқақтатқан дарынды оқушы Оралбек Жанельге және жетекшісі Шералхан Гульмираға рақмет айта отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз.