Төлеген Тəжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда "Мобильдік топтың " кезекті бірлескен отырысы өтті. » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Төлеген Тəжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда "Мобильдік топтың " кезекті бірлескен отырысы өтті.
13
март
2020

Төлеген Тəжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда "Мобильдік топтың " кезекті бірлескен отырысы өтті.

Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданының прокуратурасының жəне Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен биылғы оқу жылында Кəмелетке толмағандар жəне жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, анықтау жəне болдырмау бағытында, білім мекемелерінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылық, ақша жинау, қорқытып алушылық деректерді жою мақсатында қалада əр мектепте МОБИЛЬДІК ТОП құрылды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда "Мобильдік топтың " кезекті бірлескен отырысы өтті. Отырысқа "Мобильдік топ" мүшелері қатысты:
1) Топ жетекшісі, Əл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Момынжанов Ж.М.
2) Мектеп-гимназия директоры Оспанова Ж .С .
3) мектеп директорының оқу жəне тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен
4) мектеп психологтары.
Кезекті "Мобильдік топ" отырысында күн тəртібінде төменгі мəселелер қаралды:
1. "Мобильдік топ" жұмысын жандандыру ( жылдық жоспарға сəйкес прокуратура, ішкі істер органдардың қызметкерлерінің қатысуымен кездесу, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру; мектепішілік есепте тұратын оқушылармен жұмысты күшейту; əлеуметтік карта бойынша жалғыз басты ана, жалғыз басты əке, өгей əкесімен , азаматтық некеде тұратын, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды ерекше бақылауға алу қажеттілігі, сынып жетекшілердің жұмыстарын күшейту;
2) Мұғалімдер арасында кезекшілікті күшейту, мектепке қарасты мөлтек ауданында орналасқан кафе, ойынхана, түнгі клубтар, компьютерлік ойынхана мен букмекерлік кеңселерге күндізгі мен кешкі, түнгі рейдтер ұйымдастыру.
Мобильдік топ жетекшісі , Əл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Момынжанов Жасур Момынжанұлы жəне "Мобильдік топ"мүшелері: мектеп инспекторы Жуманов Ернар Сейдазимович, мектеп директорының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бейсенбаева А.Б., педагог-психолог Курикбаева А. қатысуымен жоғары сынып оқушылар арасында "Жасөспірім жəне Заң" тақырыбында лекция ұйымдастырылды. Іс-шараның барысында прокурор "ҚР-ның Əкімшілік құқық бұзушылық туралы" жəне "Қылмыстық Кодекстері" бойынша жасөспірімдерге қатысты баптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив