21
октябрь
2019
"Латын әліпбиі: кеше, бүгін, ертең"тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияда Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту" атты мақаласындағы "Қазақ әліпбиін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек... яғни , 2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз, " – деген сөздерін басшылыққа ала отырып, "Латын әліпбиі: кеше, бүгін, ертең" тақырыбында ПШО тренері, ақын А.Калшабекпен және филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Меруерт Медетбековалардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар тақырыпқа қатысты өзекті сұрақтарға жауап алып, ой-пікірлерін ортаға салды.