«Өмір қауіпсіздігі негіздері» міндетті оқу курсының оқытылуы туралы.
2021-2022 оқу жылында орта білім берудің (бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ( ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы, 2-тарау, 1-параграф, 24-тармақ, 4-тарау, 2-параграф, 75-тармақ ) «Өмір қауіпсіздігі негіздерін» міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс,бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Осыған байланысты «ӨҚН» курсын оқыту:
-1-4 – сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында 1-3 сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-ші сыныптарда -10 сағат, бастауыш сынып мұғалімдерімен жүргізіледі;
-5-9 – сыныптарында – «Дене шынықтыру» пәні аясында,жылдық оқу жүктемесі 15 сағатты құрап,дене шынықтару пәні мұғалімдерімен іске асады.
-10-11- сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында, 10-шы сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 12 сағат, 11-ші сыныптарда- 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен «Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен жүзеге асырылады.
«Өмір қауіпсіздігі негіздері» сабақтары өткізілуі міндетті және оқу уақытына сай өткізіледі.
Мектептің қауіпсіздік талаптарын орындау педагогикалық ұжымның міндеті болып табылады. Сондықтан мектептің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету,оқу-тәрбие үдерісіне қажетті жағдай жасау,білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жыл сайын (жылына 2-3 рет-қыркүйек, наурыз) оқу жаттығу сабақтары төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қатысуымен әңгімелесулер жүргізіледі.