Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті. » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.
07
июнь
2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.
       Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкері  Ж. Алжанова   Т.Тәжібаев атындағы №47  мектеп-гимназияның жоғары сынып  оқушылардың қатысуымен Адалдық сағатын өткізді.
        Іс-шара барысында оқушыларға адалдық, әділдік, парасаттылық, сенім,  ар-намыс секілді адами қасиеттер түсіндірілді.
        Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі талқыланып, еліміздің болашағы жастардың бойында білімімен бірге тәрбиесі мықты болуы қажет екендігі айтылды.
         Шара барысында оқушылар адалдықты, парасаттылықты қалай түсінетінін, оны қалыптастыру жөніндегі ойларымен бөлісті. 
     Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында мектепте "АДАЛ ҰРПАҚ" тұрақты түрде ерікті мектеп клубы 
жұмыс істейді. "Адал Ұрпақ" қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, жасөспірімдер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
    Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
     Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив