**БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН* » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » **БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН*
29
апрель
2022

**БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН*

**БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН*
       1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
        "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
       Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі- еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
    Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-бірлігіміз арта берсін !
   Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы "Мектеп Парламентінің" мүшелері Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 
1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізіліп жатқан қалалық челлендж-байқауға қатысуда.
     Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
#Әдістемелік _орталығы
[video=]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив