12
май
2022
*СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК*
*СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК*
Қазір жаз маусымы. Балалардың жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысы, серуендеу және әрине, шомылу уақыты. Яғни теңізде, бассейнде, су айдынында шомылу. Бірақ, қай жерде шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керек.
Су, әрине, біздің досымыз. Иә, біз өзіміз 90% судан тұрамыз. Бірақ кейбір жағдайларда су қауіпті болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ересектер мен балалар жазғы кезеңде шомылу маусымында белгілі бір тәртіп ережелерін сақтауы қажет. Бүгін соларды еске түсіреміз.
*Бұзуға болмайтын бірнеше маңызды ережелер:*
Әрбір адамның өмірі үшін маңызды болып табылатын және әрқашан есімізде ұстауға тиісті осы қауісіздік ережелерін бұлжытпай қатан сақтау қажет.
Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия әкімшілігі "ҚР-сы Төтенше жағдайлар министрлігінің " 2022 жылғы 31 наурыздағы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралар туралы" , Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі , Шымкент қаласы білім басқармасының 28 сәуірдегі және "Әдістемелік орталығының" 04 мамырдағы (817 ) арнайы хаттарының негізінде "СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК" тақырыбында акция ұйымдастырып өткізді.
Акция барысында төменгі шаралар өткізілді:
1) "Судағы қауіпсіздік. Қауіпсіздік іс'шаралар өткізу туралы" мектепішілік бұйрық шығарылды.
2) 10 мамыр күні барлық сыныптарда (1-11) "Судағы қауіпсіздік" тақырыбында тәрбие сағаттар өткізілді.
3) 1-7 сыныптарда "Судағы қауіпсіздік" бойынша диктанттар жаздырылды.
4) "Судағы қауіпсіздік" бойынша оқушыларға мен ата-аналар арнайы слайдтар мен бейнероликтер ұс ынылды.
#Cудағы қауіпсіздік
[video=]