*БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ*- *БАҚЫТТЫ ЕЛ* » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » *БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ*- *БАҚЫТТЫ ЕЛ*
11
май
2022

*БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ*- *БАҚЫТТЫ ЕЛ*

*БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ*-
*БАҚЫТТЫ ЕЛ*
       Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі . 
     Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия әкімшілігі 15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай және "Үштік Одақ" жобасының аясында "БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ-БАҚЫТТЫ ЕЛ" тақырыбында мектепішілік ата-аналар форумын ұйымдастырып өткізді. 
    *Форумның  мақсаты:*
1) Ата-ана, мектеп-оқушы , Үштік Одақ арасында қарым-қатынасты қалыптастырып нығайту.
2)  Мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға ата-аналардың белсенділігін арттыру;
3)  Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау, насихаттау және дамыту;
4)  Балаларды тәрбиелеудегі  отбасындағы ата-аналардың  ролін күшейту;
5)  Мектепте өткізілетін іс-шараларын ұйымдастырудағы ата-ананың белсенділігін , рөлін  арттыру 
6) Ата-аналарды бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге көңіл аудару ( тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасында  аутодеструктивтік іс- әрекеттің алдын алу және болдырмау т.б.) 
   *Форумға қатысқандар*
1)Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жұматайқызы Зина 
2) Ата-аналар кеңесінің төрайымы Атенова Дина  
3) Аналар кеңесінің төрайымы  Усенова Жансауле Жолдасовна
4) Әкелер кеңесінің төрағасы Нурбеков Қасым  Темірбекович және әр сыныптағы ата-аналар комитет мүшелері.
    Форумның барысында "Бала тәрбиесіне" байланысты бейнероликтер көрсетілді және төменгі тақырыптар бойынша  баяндама жасалынды.
1) Баяндама: "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың  рөлі" 
2) Баяндама: "Отбасы құндылығы -сарқылмас тәрбие көзі ". 
3) Баяндама. "Бала тәрбиесіндегі Ананың рөлі".
4)Баяндама. "Бала тәрбиесіндегі Әкенің рөлі". 
5)  Баяндама. "Баланың құқығын қорғау-қоғамның басты міндеті" 
6) Баяндама. "Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті                    ( суицидтік) әрекеттің алдын алу және болдырмау"
7) Баяндама
" Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ"
     Форумның соңында мектеп әкімшілігі алдағы уақытта ата-аналарды мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытуға  шақырды. Өз кезегінде ата-аналар мектеп әкімшілігіне және  педагогикалық ұжымға алғыстарын білдірді.
[video=]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив