ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ-30 ЖЫЛ » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ-30 ЖЫЛ
06
май
2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ-30 ЖЫЛ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ-30 ЖЫЛ 
       1992 жылғы 7 мамырда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды. 
        Тәуелсіздік пен бейбітшілік – мемлекеттің дамуы мен прогресінің кепілі. Армия өмірдің осы екі маңызды факторының сақталуын қамтамасыз етеді. Бүгінде еліміздің Қарулы Күштері жауынгерлік даярлық қарқындылығының жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының жүйелі желісімен және қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.
       Елімізде қабылданған Әскери реформа тұжырымдамасы мен Әскери құрылыстың мемлекеттік бағдарламасына әскери доктрина мен армияны реформалаудың өзекті мәселелері енді.
      Қарулы Күштер қатарында қызмет ету Қазақстанның әр азаматының құрметті міндетіне, аға ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің қуатты адамгершілік мектебіне айналды.         
     Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия әкімшілігі және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, капитан Бекенов Б.  ұйымдастыруымен жоғары  сынып оқушыларына  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің "Әскери кафедраның "  әскери қызметші- аға оқытушы запастағы подполковник Шырынбек Нурулла Абибуллаұлымен
кездесу өткізді. 
      Кездесу барысында  балаларды Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен таныстырып, өткен жүзжылдықтың батырлары мен бүгінгі күннің батырлары туралы айтып берді. Нағыз батырлар – Дала ұлдары, Отан қорғаушылар. Олар халқы үшін өмір сүруге дайын. Олардың есімі қазақстандықтардың есінде мәңгі қалады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив