ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ-ҰЛТТЫҢ АНАСЫ » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ-ҰЛТТЫҢ АНАСЫ
23
апрель
2022

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ-ҰЛТТЫҢ АНАСЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ-ҰЛТТЫҢ АНАСЫ
       Қазіргі  заман  қыз  бала  тәрбиесіне ерекше мән  беруді  қажет  етеді.  Қыз  баланы  тәрбиелеу – ұлтты  тәрбиелеу  деген  сөз.    Отбасы – қоғамның  бір  бөлшегі. Ал отбасының  алтын  қазығы – әйел  адам.  Бесігінде  жақсы  тәрбие  алған, үлгі  өнеге  көрген қыз  бала  келін  болғанда  да сол  әдетін  сақтайды. 
     Қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне баса мән берген. Алайда көпшіліктің қазіргі қыздар тәрбиесіне көңілдері тола ма?
      Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы "Мектеп Парламентінің" ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушы қыздарға арнап  "ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ-ҰЛТТЫҢ АНАСЫ" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. 
Іс-шараның басты мақсаты: Қыздарды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, ұқыптылыққа,тазалыққа, мейірімділікке, төзімділікке , ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.
       Аталған іс-шараға "Аналар кеңесінің " мүшелері мен әжелер қатысты.
      "Қазақтың қызы-Ұлттың Анасы"* тақырыбында өткізілген  дөңгелек үстелде арнайы "Қыз тәрбиесіне байланысты" бейнероликтер көрсетті. 10 сыныптарды  оқушылары төменгі тақырыптар бойынша баяндама жасап презентация көрсетті:
1) Баяндама: *"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"* тақырыбында . Баяндамашы: 10а  сынып оқушысы Айтжанова Ұлдана
2) Баяндама *"Қызды 40 үйден тию"* 10ә сынып оқушысы Еркін Эльвира 
3) Баяндама: *"Ерте жүктілік және оның зардаптары"* .Баяндамашы 10б сынып оқушысы  Әбдікалид Сания
4) Баяндама: *" Тастанды балалар"*. Баяндамашы 10в сынып оқушысы Айтмырза Гүлжазира
5) Баяндама: *" Салауатты өмір салтын ұстанудың қағидалары"*. Баяндамашы 10г сынып оқушысы Еркебаева Амина
     Дөңгелек үстелдің соңында келген аналар қыздардың тәрбиесіне байланысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив