ЖАСТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ! » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАСТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ!
18
октябрь
2021

ЖАСТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ!

  Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру — қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе. Дұрыс тамақтану жас кезінен, отбасынан басталады.
       «Денсаулық — зор байлық, адам бақытының бастауы» — дейді халқымыз. Денсаулық ұлан асыр байлық екені рас, бірақ оған ие болу үшін күш жұмсалуы тиіс. Денсаулық ол адамға бір рет берілетін сый деуге болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіріп, ауырмайтын жол іздеу керек.
     Қазіргі кезде Қазақстанның жастарының денсаулығы төмен деңгейде.  Оған себеп ауру шақыратын факторлардың өсуі, яғни құнарлы тамақтанбау, темекі, ішімдік, есірткі зияндығы, қозғалыстың аз болуы.
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор.Сонымен қатар, организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардың алдын алу, зиянды әдеттерден алшақ болу, күйзеліске көп салынбау сияқтыларды сақтай отырып денсаулықты сақтауға болады.
     Шымкент қаласы Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия əкімшілігі жасөспірімдердің зиянды əдеттерден сақтану жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 11-16 қазан аралығында апталық ұйымдастырып өткізді. Апталықтың аясында жоғары сынып оқушылар арасында төменгі тақырыптар бойынша  коучинг ұйымдастырылды:
1 топ -"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" 
2 топ -"Темекінің зияны. Электронды темекінің зияны"
3 топ- "Алкогольдіқ ішімдіктердің зияны"," Газдалған сусындардың зияны"
4 топ- Есірткілердің зияны ( Синтетикалық есірткілердің зияны)
5 топ- Қор-қордың зияны. Токсикомания.
#Қылмыссыз жарқын болашақ_
#Жастар салауатты өмір салтын қолдайды_
[media=]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив