02
октябрь
2019
Жасөспірім жəне қылмыс .Қауіпсіз Интернет "тақырыбында дөңгелек үстел
Шымкент қаласына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп -гимназия əкімшілігі 2019 жылдың 02 қазан күні 9-10-11 сынып оқушыларына "Қылмыссыз жарқын болашақ. Жасөспірім жəне қылмыс .Қауіпсіз Интернет "тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Өткізілген іс-шараның мақсаты :
1) Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу; 2) Құқықтық сауаттылығын арттыру; 3) Зиянды əдеттерден сақтану;
4) Кәмелеттік жасқа толмағандардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының əсері түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттарды жеткізу;
5) Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін жоғарлату бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту :
6) Ұлттық рухы биік, бәсекеге қабілетті, "Мәңгілік Ел "идеясын ұстанатын, білімді жастар тəрбиелеу
Дөңгелек үстелдің барысында төменгі тақырыптар бойынша 10-11 сынып оқушылары баяндама жасады :1)"Жасөспірім жəне қылмыс " (Қылмыс деген сөзге толық анықтама берілді, жасөспірімдердің арасында қай қылмыс түрлері жиі кездеседі;жеке адамдарға қарсы қылмыс түрлері мен қылмыстық жауапкершілігі; Жастарды қылмысқа итермелейтін себептер:
-Төменгі экономикалық -қоғамдық статус;
-Алкоголь жəне наркотикалық заттар;
-құрдастарының əсері т. б. )
2) "Саналы ұрпақ -жарқын болашақ";
3) "Ғаламтордың зияны. Тыйым салынған сайттарға кірмеу туралы ":
4) 14-29 жастағы жастардың жетістіктері (дүниежүзі жəне Қазақстан Республика бойынша )
Мектепішілік іс-шараның соңында мектебіміздің жарық жұлдыздары -халықаралық ,, республикалық , облыстық, қалалық пəндік олимпиада ,ғылыми жобалар сайыстарының, мәнерлеп оқу жəне əн-би байқауларының, ,спорт жарыстарының жеңімпаздары мен чемпиондары туралы бейнеролик көрсетті.
Іс-шараға "Жастар ресурстық орталығының " инспекторлары Тастанбеков Нұрсұлтан Ерғалиұлы, Асабаева Үлмекен Қалдыбайқызы, Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының қызметкері Əбілқасым Қасымхан Маратұлы жəне академик Ə.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің жастар ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы Бексейт Əшірбекұлы қатысты.