"Жасөспірім жəне қылмыс". "Қылмыссыз балалық шақ" тәрбие сағаттары КОУЧИНГ » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жасөспірім жəне қылмыс". "Қылмыссыз балалық шақ" тәрбие сағаттары КОУЧИНГ
08
февраль
2020

"Жасөспірім жəне қылмыс". "Қылмыссыз балалық шақ" тәрбие сағаттары КОУЧИНГ

"Жасөспірім жəне қылмыс" тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады , өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылыққа арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттеріміздің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді .
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия əкімшілігі 20 қаңтар-20 ақпан аралығында "ҚЫЛМЫССЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" тақырыбында өткізіліп жатқан айлықтың аясында жоғары сыныптарда (8-9-10-11) тəрбие сағаттары- КОУЧИНГ ұйымдастырылды.
Сынып оқушылары 5 топқа бөлініп төменгі тақырыптар бойынша презентация жасады:
1) "Жасөспірімдердің қылмыс пен құқық бұзушылыққа бару себептері";
2) "Суық қару-қоғамның дерті";
3) "Қауіпсіз Интернет"
4) "Жасөспірім жəне Заң" (ҚР -сы Əкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс;"Қылмыстық Кодекстегі жасөспірімдерге қатысты баптар бойынша түсіндірме жұмыстарды жүргізу;
5) "Жастардың зиянды заттарға əуестенуі" ( темекі, алкогольдік ішімдіктер,нашақорлыққа,қор-қорға т.б.) СӨС ұстану-жастардың ұраны"
Коучинг барысында қызу талқылау орын алды, өмірден мысалдар келтірілді. Оқушылар бір ауыздан Қазақстанның дамуына,үлес қосуына ,өсіп-өркендеуіне əрқайсымыз атсалысу қажетпіз деп "ЖАСТАРДЫҢ ҮНДЕУІН" шығарды.
Парақшаларды əр оқушылардың қолдарына ұстатты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив