Тарихымыз - Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия https://47.shymkent.edu.kz/ ru Тарихымыз - Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия DataLife Engine ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ - ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР https://47.shymkent.edu.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/1068-randy-eld-rpay-ajsar.html https://47.shymkent.edu.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/1068-randy-eld-rpay-ajsar.html [media=]]]> [media=]]]> admin Wed, 10 May 2023 15:36:33 +0600 Төлеген Тәжібаевтың 110 жылдығы Баяндама https://47.shymkent.edu.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/271-tlegen-tzhbaevty-110-zhyldyy-bajandama.html https://47.shymkent.edu.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/271-tlegen-tzhbaevty-110-zhyldyy-bajandama.html                                   Ғалым есімін иеленген алтын ұя

   Армысыздар, бүгінгі кеш қонақтары, құрметті көпшілік қауым!

             Мектеп-білім айдынындағы  үлкен кеме. Қазіргі заманның қай кезеңінде болмасын өркениетке қол жеткізген білімді де парасатты азаматтардың болғанына тарихымыз куә, сондықтан жас жеткіншектердің өсіп өркендеуіне мектептің қосар үлесі мол. 

         Академик, педагогика ғылымдарының  докторы, профессор Төлеген Тәжібаев «Өз Отанын, өз халқын, өз тілін, тамаша ұлттық дәстүрлерін жалынды жүрекпен сүйген..., өзінің Отанға деген сүйіспеншілігін сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрсеткен адам ғана нағыз патриот болып саналады», -деп өзінің пікірін білдірген.

Мектебімізге есімі берілген Төлеген Тәжібаевтың өмір жолы мен атқарған қызметтері келер ұрпаққа үлгі болатын  -Ұлы тұлға

       Бүгін ғалымның  110 жылдық мерейлі  күніне арналған кеште  мектеп ұжымының және мектебіміздің оқушыларының  кешегісі мен бүгінгісі, ауыз толтырып айтар жетістіктері туралы сіздерден рұқсат сұрай отырып, хабардар еткім келеді.

  Мектебіміздің негізі қаланған жылы 1988 жыл.

       1988-1989 оқу жылдарында алғаш рет  А.Байтұрсынов көшесінде білім беретін  қазақ-орыс орта мектебі ашылды. 1988-1992 жылдары алғаш мектеп директоры қызметін  Николай Крюков атқарды.

        1992-2007 жылдар аралығында мектепті Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, қазіргі кезде құрметті зейнеткер Қозбақова Орынша Қозбаққызы атқарды.

       1994 жылы мектебімізге ұлы академик, ғұлама ғалым  Төлеген Тәжібаевтың есімі берілді, ал 1997 жылы мектебіміз таза қазақ мектебі болып жұмыс жасай бастады.

       1999 жылы сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасының шешімімен жалпы орта білім беретін мектепке  тарихи-гуманитарлық «мектеп-гимназия» статусы берілді. Дәл осы  жылы   қаламыздың  үздік «Таңдаулы мектеп»  номинациясы бойынша І орын иеленді.

        1999 жылы 21 сәуір күні   мектебімізде Академик, педагогика ғылымының докторы Т.Тәжібаевтың мемориалдық музейі ашылды.

2001 жылы оқушымыз Айтбаева Гаухар мектебімізді үздік бітіріп, «Алтын белгі» төсбелгісін Астана қаласында, ҚР тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан алды. 

Сонымен қатар, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдеріміздің еңбектері баспадан жарық көрді, атап айтқанда:

 2004 жылы тарих пәні мұғалімі Орынбеков Арманның «Азаматтың, түркілердің қолбасшысы Атилла». 

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Байтұяқова  Қалдыгүл апайымыздың «Ағылшын тілі» авторлық  еңбектері  баспадан жарық көрді.

2006 жылы мектебіміздің әнші-жұлдызы Айтымбай Марат Мәскеуде өткен халықаралық «Романсияда үміті» байқауынан  Бас жүлде, ал Мысырда өткен «Бегущая по волнам» байқауында II орын иегері атанды.

2007 жылдан бастап, 47 мектеп-гимназиясын  осы күнге дейін өзім басқарып келемін.

2007 жылы 24 мамырдағы мектебіміздің соңғы қоңырау салтанатты жиыны Т.Тәжібаев ескерткішінің алдында өткізілді. Ескерткіштің ашылуына ғалымның  ұрпақтары, келіні Тамара Тәжібаева, шөбересі Ләйлә Тәжібаева мен Тараз қаласынан орыс туысы Майя Кабанова келіп қатысты. 

Немересі Асқар Тәжібаев атасының жолын қуып, қазіргі таңда Тәжікстан Республикасында Қазақстан Республикасының  төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқаруда.

Осы жиында салтанатты жағдайда қайраткердің ескерткішінің ашылу рәсімі Т.Тәжібаевтың туысы қоғам қайраткері Кенжехан Төлебаев басқарған бір қауым ел және зиялы қауым, қалың көпшіліктің  қатысуы мен қолдауы арқылы іске асырылды. 

Дәл осы жылы, Оңтүстік Қазақстан білім беру департаментінің қатысуымен «Әлемдегі терең сыр біліммен ғана ашылмақ» атты мектептің алғаш  әдістемелік    жинағы  шығарылды.

Академик Т.Тәжібаевтың атындағы көшенің ашылуына ықпал еткен туысы Оңтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік   Педагогикалық Университетінің ғалымы Орынбек Шымбай мырзаның ықпалын ерекше атап өткім келеді. Сол кездегі мектеп директоры, білім беру ісінің үздігі, мектебіміздің жанашыры, бүгінгі таңдағы зейнеткер Орынша Қозбаққызы Қозбақованың біз үшін, алтын ұя мектебіміз үшін әрбір ісі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

2008 жылдың қазан айында мектеп жанындағы Ватутина көшесіне  Т.Тәжібаевтың есімі беріліп, көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

2010   жылы   11 сынып оқушысы Жанадилова Мадина ең жоғары 125 балл иегері атанды.

2010 жылы алтын ұямыз  I орынды иеленіп, «Үздік мектеп» грамотасымен марапатталды. Бұл ғалымның 100 жылдығына мектеп ұжымы мен шәкірттердің лайықты тартуы болды. 

2010 жылы мектеп-гимназия Қазақстан Республикасы бойынша         «Ең үздік 100 мектеп» қатарына қосылып, білім биігінен көрінді. ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев ОҚО Шымкент қаласы №47 мектеп ұжымын 2010 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде «Мектеп бітірушілерінің орташа балы жоғары болған 100 үздік мектеп» қатарына қосылуымен арнайы құттықтады.

2010 жылы 23 ақпанда мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

Сол жылы мектебіміз Республикалық «Дарынды балалар-Қазақстанның болашағы» атты энциклопедияға енгені үлкен қуаныш болғанын атап өтуіміз керек.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорлар арасында өткізген байқауда мектеп басшысы «Үздік менеджер» номинациясының игері атанды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің  бұйрығы негізінде 5,6,7 сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсетаева Бибайша «Өлкетану» оқулығының авторы атанды. Бүгінгі таңда бұл оқулық елімізде арнайы пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізілген. Сонымен қатар география пәні мұғалімі Калымбетова Салтанат Омарханкызының авторлығымен  «Жалпы география оқулықтарын қайталау» тақырыбында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған оқулығы жарық көрді.

2015 жылы оқушымыз Бектаева Мөлдір Халықаралық ғылыми жарыстың жеңімпазы атанды.

2016 жылы мектеп-гимназия жаңартылған білім мазмұнына байланысты Педагогикалық Шеберлік Орталығының тірек мектебіне айналды. 

2017 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика-математика бөлімінің серіктес мектебі қатарына енді.

Қазіргі таңда мектебімізде 2600-ге жуық оқушы білім  алса, соның 60 пайыздан астамы  әр түрлі білім  сайыстарында жүлделі орындарға ие болды. Қысқаша тоқталып өтер болсам:

Оқушыларымыз жыл сайын  Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Зерде» республикалық конкурсына жылда қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді.

Биылғы жылы «Зерде» XV Республикалық конкурсында, «Үздік ғылыми жоба -2019» байқауында, «Дарынды жастың рухани келбеті»  республикалық үздік ғылыми жоба байқауында,  Бакуде өткен Халықаралық олимпиадасында, VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, Халықаралық  үштілдік   олимпиадасында,Халықаралық «Интелектуал-2050» олимпиадасында, Республикалық шығармалар байқауында,   ІІІ Республикалық  «Ұлы дала Ұрпағы» өнер мен білім байқауында, Халықаралық  «Звездный триумф талантов»  мәдениет және өнер фестивалінде, Халықаралық «FEST VAL» ән-би байқауында оқушыларымыз алғашқы жүлделі орындардан көрініп жүр.

2018 жылы Қостанай қаласында Республикалық пән олимпиадасында Сейдахметова Аяна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі III орынға ие болды.

2019 жылы Шарипова Жансая Грециядан Гран При иегері атанып, Еуразия университетінің грантын жеңіп алды.

Бүгінгі таңда, №47 мектеп-гимназиядан  түлеп ұшқан  бітіруші   түлектері республикамыздың түкпір-түкпірінде, Тәуелсіз еліміздің сан саласында өз үлестерін қосып келе жатқан үлкен бір толқын, бір буын ұрпақ.

Қорыта келсек, ғылым мен техника дамыған, өнер- білімнің әр салаларында тың жаңалықтар аса қарқынды үдеріспен  сағаттап емес, минуттап ашылып жатқан қоғамда алар асуымызбен бағындырар биіктеріміз әлі алда, деп ойлаймын.

 Назарларыңызға рахмет!!!

Төлеген Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойы

22.02.2020жыл.

]]>
                                  Ғалым есімін иеленген алтын ұя

admin Sat, 22 Feb 2020 16:19:45 +0600
Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия тарихы https://47.shymkent.edu.kz/o-detskom-sade/237-ttzhbaev-atynday-47-mektep-gimnazija-tarihy.html https://47.shymkent.edu.kz/o-detskom-sade/237-ttzhbaev-atynday-47-mektep-gimnazija-tarihy.html Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия тарихы
1988-1989 оқу жылында қазіргі А.Байтұрсынов /бұрынғы Рубенштейн/ көшесінде  
47 қазақ-орыс жалпы білім беретін орта мектеп ашылды. 
1988-1992 жылдары мектеп директоры Николай Крюков болатын. 
1991 жылы ұлы академик, ғұлама ғалым Төлеген Тәжібаевтың есімі берілді.
1992 -2007 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін   Қозбақова Орынша Қозбаққызы атқарды. 
1997 жылы 23 ақпанда  Төлеген  Тәжібаевтың   туылған күніне орай мұражай ашылды.
1998 жылы эксперименттік алаң болды.
1997 жылы орыс-қазақ мектебінен таза қазақ мектебіне айналды. 
1999 жылы сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасының   шешімімен жалпы орта білім беретін мектепке «мектеп-гимназия» статусы берілді. 
1999 жылы мектебіміз қаланың үздік «Таңдаулы мектебі» номинациясы бойынша І орынға ие болды. 
1999 жылы 21 сәуір күні 47 мектепке педагог-психолог, академик Т.Тәжібаевтың мемориалдық музейі ашылды. 
1999 жылдан баста мектепте қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, пәндері тереңдетіліп оқытыла бастады.
2001 жылы оқушымыз Айтбаева Гаухар «Алтын белгі» төс белгісін Астана қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолынан алды. 
2006 жылы мектебіміздің әнші-жұлдызы Айтымбай Марат Мәскеуде өткен халықаралық «Романсиада үміті» байқауының «Бас жүлде», ал Мысырда өткен «Бегущая по волнам» байқауында ІІ орын иегері атанды.
Сонымен қатар шығармашылықпен айналысатын мұғалімдеріміздің еңбектері баспадан жарық көрді. Атап айтқанда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байтұяқова Қалдыгүл, тарих пәні мұғалімі Орынбеков Арман, география пәнінің мұғалімі Қалымбетова Салтанат. 
2007 жылы 24 мамырда Төлеген Тәжібаевтың ескерткіші ашылды.
2007 жылы мектеп-гимназия Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру департаментінің қатысуымен «Әлемдегі терең сыр біліммен ғана ашылмақ» атты әдістемелік жинақ шығарылды. 
2007 жылдың қыркүйек айынан бастап 47 мектеп-гимназиясының бүгінгі күнге дейінгі директоры, білім беру ісінің үздігі Оспанова Жамиля Смаилқызы.
2008 жылы 10 сынып оқушысы Өтебаев Айдос FLEX  бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штатына 1 жылға тегін оқу жолдамасын жеңіп алып, оқып келді. 
2008 жылы  қазан айында мектеп жанындағы Ватутин көшесіне Т.Тәжібаевтың есімі беріліп, көшенің салтанатты ашылу рәсімі болды.
2008 жылы мектебіміз «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру орталығының тірек мектебіне айналды.
2008 жылы 11 сынып оқушысы Жанадилова Мадина ең жоғарғы 125 балл иегері атанды.
2009 жылы 23 ақпанда  Төлеген   Тәжібаевтың  100 жылдық  мерей   тойы  тойланды.
2009-2010 жылы қалада І орынды иеленіп, «Үздік мектеп» грамотасымен марапатталды. 
2010 жылы мектеп-гимназия Қазақстан Республикасы бойынша «Ең үздік 100 мектеп» қатарына қосылып,  білім биігінен   көрінді. 
ҚР Білім және ғылым министірі Ж.Қ.Түймебаев ОҚО Шымкент қаласы №47 мектеп-ұжымына 2010 жылғы ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесінде «Мектеп бітірушілерінің орташа  балы жоғары болған 100 мектеп» қатарына қосылуымен құттықтауы
2010 жылы  мектебіміз Республикалық  «Дарынды  балалар – Қазақстанның  болашағы»  атты    энциклопедиясына  енді.
2014 жылы  мектеп директорымыз Оспанова Жамиля Смаилқызы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорлар арасында өткізілген байқауда «үздік менеджер» номинациясының иегері атанды.
2014  жылы мектебіміз Республикалық баспаға «Білім  беру  мекемесі басшыларының   анықтамалығы»  журналында «Педагог  жетістігі – гимназия  жетістігі» туралы  мақала    жарияланды. 
ҚР Білім және ғылым миністірлігінің 400 бұйрығы негізінде 5,6,7 сынып оқушылары үшін қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсетаева Бибіайша Әбдіманапқызы «Өлкетану» оқулығының авторы атанды.
2015 жылы Бектаева Мөлдір халықаралық ғылыми жарыстың жеңімпазы
2016 жылы мектеп-гимназия жаңартылған білім мазмұнына байланысты Педагогикалық Шеберлік Орталығының тірек мектебіне айналды. Бұл мұғалімдердің шеберлігін шыңдауға бірден-бір септігін тигізді. 
2017 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика-математика бөлімінің серіктес мектебі қатарына енді. 
Бүгінгі таңда 47 мектеп-гимназияның оқушылары халықаралық, респуликалық, облыстық, қалалық түрлі интеллектуалдық байқаулар мен   сайыстардың жеңімпаздары. 
Мектеп-гимназиямыз білім беру саласындағы өзгерістер мен Елбасы саясатын іске асыруда мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын басшылыққа алады. Қазіргі таңда гимназия түлектері еліміздің әлеуметтік-экономикалық, өнер, спорт, мәдениет  салаларының дамуына өзіндік үлес қосып келе жатыр. 
]]>
Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия тарихы

admin Thu, 23 Jan 2020 15:45:10 +0600
Ардагер ұстаздар https://47.shymkent.edu.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/161-ardager-stazdar.html https://47.shymkent.edu.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/161-ardager-stazdar.html

Т.Тəжібаев атындағы 47мектеп - гимназияда Əз Наурыз мерекесі аталып өтті.Көктем жаңаруды айшықтайтын ұлы мереке Наурыз көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.Мектепке талай жыл еңбектерін сіңірген ардагер ұстаздар кештің қонағы болды.Ардагер ұстаздар өткенге салауат айтып, халқымызға-игілік, мемлекетімізге молшылық, мектебімізге шығармашылық табыстар тілеп , ақ батасын берді.Баршамызға ұлыс оң болып, əр күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын,ұстаздардың ақ баталары қабыл болсын!!!]]>

admin Thu, 28 Mar 2019 16:24:27 +0600