27
September
2021
*ҚЫЛМЫССЫЗ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ*
*ҚЫЛМЫССЫЗ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ*
Қазіргі таңда өмірге көз-қарасты толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі : ұрлық, тонау, бұзақылық, орташа жəне ауыр дене жарақат жасау, əлімжетілік көрсету, т.б.
Жасөспірімдерді қылмыс жасауға қандай факторлар əсер етеді ? Кім кінəлі?! Не себепті жастар зиянды заттарға əуестенеді? Қалай күресеміз? Қандай жолдары бар?
Осындай сұрақтарға жауап алу үшін сынып жетекшілер сыныпты 5 топқа бөліп төменгі проблемалық тақырыптарды ұсынып коучинг ұйымдастырды.
Коучингтің соңында оқушылар мынандай тұжырымдамаға келді: - жастардың құқықтық сауаттылығын көреру қажет;
-мəдени құндылықтарды дамыту қажет;
- жастар бос уақытты дұрыс ұйымдастыру қажет;
- жастардың зиянды заттарға əуестенбеуі үшін көбірек олардың зияндығы туралы бейнероликтер көрсетіп сынып сағаттар, пікірталас, коучинг т.б.өту қажеттілігі ескертілді.
*# Municipal public_*
*# Қылмыссыз жарқын болашақ_*[media=]